Таңғы тілек (Дәуітәлі Стамбеков)

Өмір бойы қол ұстасып өтерміз,
Армандар мен мұраттарға жетерміз.
Домбыраның екі шегі сияқты,
Өмір әнін, Өмір әнін
Қосыла айтып екеуміз!

Сен дегенде,Сен дегенде,
Таңмен бірге ояндым.
Сен дегенде,Сен дегенде,
Күн нұрына бояндым.
Екеумізге ауысса екен, аяулым,
Адалдығы, Адалдығы
Қозы менен Баянның!

Бірге ұшып тілегің мен тілегім
Араласын дала кезіп қыр елін.
Тағдыр біздің кеудемізге орнатсын
Төлеген мен, Төлеген мен
Қыз Жібектің жүрегін!

      Сен дегенде,Сен дегенде,

 

      Таңмен бірге ояндым.

 

      Сен дегенде,Сен дегенде,

 

      Күн нұрына бояндым.

 

      Екеумізге ауысса екен, аяулым,

 

      Адалдығы, Адалдығы

 

    Қозы менен Баянның!

Жүрегіме тәтті сезім сен ектің,
Жүрегіңе тәтті сезім мен ектім.
Ғұмыр бойы екеумізді қолдасын
Махаббаты, Махаббаты
Еңілік пен Кебектің!

      Сен дегенде,Сен дегенде,

 

      Таңмен бірге ояндым.

 

      Сен дегенде,Сен дегенде,

 

      Күн нұрына бояндым.

 

      Екеумізге ауысса екен, аяулым,

 

      Адалдығы, Адалдығы

 

    Қозы менен Баянның!

Опубликовано

в

от

Метки:

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Яндекс.Метрика