Метка: Қазақша
-
Өзіңді аңсап өтеді көктем, өтер күз… (Есенқұл ЖАҚЫПБЕК)
Шөп шыққанда бір қуанып, Көк шыққанда бір қуанып Өмір өтті-ау зырғып ағып Қызғалдаққа бір қуанып, Сарғалдаққа бір қуанып, Өмір өтті-ау сырғып ағып.
-
Жібек сезім (Қалқаман Сарин)
Қол жетпес көрікті арман, Сезімге серік болған. Сенбісің аққу құсым, Айдынға келіп қонған. Айтайын жүрек сөзін, Бағыма тілекші өзің. Бұл жүрек сені іздейді, Үлбіреп жібек сезім.
-
Таңғы тілек (Дәуітәлі Стамбеков)
Өмір бойы қол ұстасып өтерміз, Армандар мен мұраттарға жетерміз. Домбыраның екі шегі сияқты, Өмір әнін, Өмір әнін Қосыла айтып екеуміз!
-
Шыда, шыда (Мұқағали Мақатаев)
Шыда, шыда Шыдай түс, шыда тағы Шыдамдыны мына өмір ұнатады Үміттің Кұлан иек қула таңы, Әйтеуір бір атады, бір атады…
-
Бүгінгі күн…
Бүгінгі күн, кешегіге тең емес Батар кеш, атар таңға тең емес Оралмасқа бүгінгіде кетті балалық Жүрген кезім арманымда қуып елес