Шөп шыққанда бір қуанып,
Көк шыққанда бір қуанып
Өмір өтті-ау зырғып ағып
Қызғалдаққа бір қуанып,
Сарғалдаққа бір қуанып,
Өмір өтті-ау сырғып ағып.
Көк аспаннан бара жатыр,
Өмірімнің жұлдызы ағып.
«Жетсем» деген арман жолы,
Бара жатыр жыл да ұзарып.
Жұлдыз неткен мұңлы жарық?!
Ескі доспен кездескенде,
Есім шығып шын қуанып,
Өмір өтті-ау сырғып ағып.
«Өсем» деген ұлды бағып,
«Кетем» деген қызды бағып,
Өмірімнің бара жатыр жұлдызы ағып.
Қайран өмір сонша сүйген,
Кетесің-ау бір күн ауып,
Өмір өтті-ау зырғып ағып…
Добавить комментарий